Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында біздің балабақшада «Солнышко» тобының тәрбиешісі Е.Д. Пушилина және музыка жетекшісі Е.А.Титованың ұйымдастыруымен «Самоварда қонақта» мерекесі өткізілді.Бұл мерекенің мақсаты: балалардың әртүрлі елдердегі шай ішу дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту және байыту, шай ішу мәдениетін қалыптастыру, әр түрлі елдердің халықтарының дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу.
Мереке көрмемен ашылды, онда әр түрлі шай түрлері, сонымен қатар әр түрлі пішіндегі шайнектер мен самоварлар ұсынылды. Одан әрі балалар бар көңілдерімен слайдты тамашалады, онда тәрбиеші Евгения Дмитриевна балалар үшін қол жетімді формада шайдың қалай пайда болғандығы, әртүрлі елдерде шай ішудің қалай болатындығы туралы әңгімеледі, Қазақстанда шайдың қалай ішілетініне ерекше назар аударылды.
Балалар тақпақ айтты, ән де салды, әсіресе балалар арасында ұйымдастырылған ойын-сауық сайыстары балалардың ерекше қызығушылықтарын тудырды. Балалар қонақ күткен кезде үйді қалай жинау керектігін, шай рәсіміне арналған дастарқанды қалай дұрыс және әдемі әзірлеу керектігін көрсетті.
Мереке өте көңілді және қуанышты өтті, балаларға жақсы көңіл күй сыйлады. Және ол мерекелік шай дастарханымен аяқталды!